«Бақытты отбасы – бақытты мемлекет»
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелеріне сәйкес жыл сайын 25 қараша «Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16 күн» акциясы «Бақытты отбасы – бақытты мемлекет» атты ұранымен Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықты жою күні аталып өтеді.
Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл- ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы - алғашқы қадам болып табылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері өте мол.
Яғни тәрбиелі отбасында тәлімді көрген, жадында тоқыған бала, тәрбиенің арқасында көкірегі ояу, келешегі кемел, болашағы жарқын есті ұрпақ болып өсері сөзсіз.
Осы іс-шараға орай, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында №168 мектеп гимназиясының 5-10 сыныптар арасында «Бақытты отбасы - бақытты мемлекет!» тақырыбына сурет және «Менің отбасым- ең бақытты отбасы» тақырыбы бойынша шығарма байқауы ұйымдастырылды. Байқау бойынша Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері тарапынан сыйлықтар беріліп, Медеу ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының атынан сурет байкауында I орынды 10 «А» сынып оқушысы Әбілпейіс Әсем, II орынды 5 «А» сынып оқушысы Құсаинова Аружан, III орынды 7 «А» сынып оқушысы Мұратханова Жібек, шығарма бойынша I орынды 7 «А» сынып оқушысы Арыстан Ботагөз, II орынды 6 «А» сынып оқушысы Айдаров Дамир, III орынды 7 «А» сынып оқушысы Ермахан Ақерке жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Отан, қоғам
тыныштығын қамтамасыз ету – абыройлы да, жауапкершілігі жоғары қызмет.
Қиын да,
жауапкершілігі мол қызметке қарамастан міндеттерін адал әрі
жауаптылықпен
ішкі істер органдарында 1998 жылдан қызмет атқарып келе
жатқан Алматы қаласы Наурызбай ауданы ІІБ жергілікті полиция
қызметінің әйелдерді тұрмыстық зорлық- зомбылықтан
қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Абылқасымова Ақбота
Болатжанқызы. Бүгінгі күнде 4 бала тәрбиелеп отырған үлгілі жанұяның
келіні, отбасының алтын
қазығы. Отағасы жеке кәсіпкер
болып қызмет атқарады. Бұл отбасында
сыйластықта, түсінік те мол
- бақытты отбасы. Өнегелі отбасынан
үлгілі ұрпақ өседі деп №168 мектеп гимназиясы оқушыларына өз отбасы және
қызметі жайлы айтып берді.