Мектеп және колледж оқушыларының арасында қазақ күресінен жарыс өтті
2016 жылдың 27 қыркүйегі күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде, ауданның 14-19 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен арнайы орта оқу орындарының студенттері арасында, қазақ күресінен «Жас Барыс» турнирінің іріктеу кезеңі өтті.
Жарыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды.
Жарысқа қатысушыларды Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жандос Тәкібаев қарсы алып, ізгі ниетін білдіріп, алдағы ойында сәттілік пен жеңіс тіледі.
Қатысушылар дене шынықтырудан дайындықтары жоғары екенін көрсете білді. «Жас Барыс» турнирінің жеңімпаздары Әуезов ауданы әкімінің грамоталарымен қатар төс белгілерімен марапатталып, қалалық жарысқа жолдама алды.